Central Asian Journal 01′ Art Studies (CAJAS)

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын рецензияланатын Central Asian Journal 01′ Art Studies (CAJAS) ғылыми журналын шығарады.

CAJAS өнертану (театр, музыка, хореография, кино, бейнелеу, сәулет және қолданбалы өнер және т. б.), педагогика (орта және жоғарғы гуманитарлық оқу орындарындағы педагогика өнері, гуманитарлық білім беру) және өнер және ғылым философиясы бағыттары бойынша авторлық зерттеулердің нәтижелерін жариялайды.

Басылымның басты мақсаты ғылыми идеялармен алмасу және ғылыми айналымға жаңа зерттеулерді енгізу үшін алаң ұсыну, сондай-ақ өнертану саласындағы бірлескен халықаралық ғылыми жобаларды дамыту болып табылады.

Жариялымдарды тірікеудегі басым факторлар: жаңа деректану мен әдеби дереккөздерге жүгіну, академиялық және ғылыми объективтілік, тарихнамалық толықтық және пікірталастық болуы, күрделі гуманитарлық мәселелерді шешудегі қазіргі заманғы көзқарас, мәдени артефактілер мен көркем объектілердің жаңа түсіндірмелері.

Журналда ғылыми мақалалардан бөлек рецензиялар, тарихнамалық шолулар. деректану материалдары, ревю, гуманитарлық ғылым тақырыптарындағы пікірталастар ұсыныла алады.

Редакциялық алқаға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Финляндия, АҚШ, Өзбекстан, Венгрия ғалымдарымен профессорлары кіреді.

Басылымда отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, аспиранттар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының жоғары курс студенттері шақырылады.

Журнал қазір ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған тізімге кіру сатысында.

Ақпараттық хат