«Ғылым жастар көзімен» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 2019 жылғы 22 мамырда Волонтер жылына арналған «Ғылым жастар көзімен» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді. Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары мен студенттері шақырылады.

Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:

1 секция. Қазақстан Республикасы ІІО даму эволюциясы: ұйымдық-құқықтық аспектілері.

2 секция. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі қоғамның ролі. ІІО мен волонтерлардың ынтымақтастығы.

3 секция. Әкімшілік полиция қызметін құқықтық регламенттеу.

4 секция. Қазақстанда және шетел тәжірибесі жазаларды орындау.

5секция. Болашақ ІІО қызметкерлерін даярлау: курсант пен тыңдаушының көзқарасы.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 31 наурызына дейінғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінемына электрондық мекенжайға:

қатысу өтінімі (үлгісі қосымша берілген);

баяндама мәтінін қағаз және электрондық түрде rio.kui@mail.ru e-mail жіберуіңіз қажет (талаптары қосымша берілген);

сараптама анықтамасы (үлгісі қосымша берілген);

баяндаманы талқылау және оны жариялауға арналған ұсынымдартуралы кафедраның (бөлім) отырыс хаттамаларынан  көшірме;

ғылыми жетекшісінен сын-пікір (қол қойылып сканерленген);

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

         Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына, ғылыми деңгейге сәйкес келмеген, рәсімдеуге қойылатын талаптар сақталмаған, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, түпнұсқалығы тексеруден өтпеген материалдарды ұсыну мерзімін бұзған жағдайда мақаладан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Материалдар тексерілмейді және қайтарылмайды.

Ғылыми баяндамаларды ресімдеу талаптары:

Баяндама көлемі – 3 бетке дейін,  А4форматта;

Қаріп – Times New Roman ( KZ Times New Roman); кегль-14.

Жол аралығы – 1интервал, азат жол – 1,25 см, жиектері – 2 см.

Жоғары оң жақ бұрышында автор туралы мәліметтер: аты-жөні, курсы, ғылыми жетекшісінің тегі, аты-жөні, жоғары оқу орнының атауы көрсетілуі дұрыс.

Жолдың ортасында баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен, жартылай қою қаріппен).

Баяндама мәтініені бойынша теңестірілуі керек.

Ғылыми дереккөздерге сілтемелер пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес төртбұрышты жақшада көрсетілуі тиіс, мысалы: [1, 15б.].

Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір жол шегінісімен беріледі. Әр дереккөз жеке нөмеріменбелгіленуі тиіс.

Конференцияның өткізілу орны: Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 11, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы. Қатысушыларды тіркеу уақыты 2020 ж. 22 мамырда, сағ. 09.00, конференцияның басталуы сағ. 10.00-де.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөліміне хабарласуыңызды өтінеміз (тел.: 81742-255280 (ішкі нөм.120) – ҒЗжРБЖҰБ бастығы полиция майоры Болат Бакпектович Алпеисов).

Хатты электрондық поштамен жолдау кезінде «Тақырып» бағанына «Конференцияға.22.05.2020ж.»көрсету. Файл атауы – автордың (авторлардың) тегі.

Өтінім үлгісі

Секция

Автор

аты-жөні, курс, ЖОО

Ғылыми жетекшісі

аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы

Баяндама атауы

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

         Анықтама үлгісі

         Анықтама

___________________«__________________________________» мақаласында

толық аты автордың аты-жөні                                   мақала атауы

мемлекеттік құпияны қамтитын мәліметтер жоқ, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» таңбасы болуы керек. Мақала ашық басылымда жариялануы мүмкін.

 

Автордың А.Т.Ә.

Лауазымы, атағы                            (қолы)                                              Т.А.Ә.

Күні