«Абай әлемі» ғылыми байқауы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» ғылыми байқауын жариялады.   

Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Байқау төмендегі тақырыптар бойынша өткізіледі:

Студенттер арасында:

· «Абай мұрасы – рухани кемелділік өзегі»;

· «Абай және классикалық әлем әдебиеті»;

· «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі»;

Магистранттар үшін:

· «Абай шығармашылығының ренессанстық сипаты»;

· «Абайтанудағы ақтаңдақтар»;

· «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».

Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша мақалаларын ұсынады.

Жеңімпаз студенттерге арнайы тақырыптар бойынша ақшалай сыйлық беріледі: бір бірінші орынға – 300 000 теңге, екі екінші орынға – 200 000 теңгеден және үш үшінші орынға – 100 000 теңгеден, магистранттарға: бірінші орынға – 400 000 теңге, екі екінші орынға – 300 000 теңгеден және үш үшінші орын үшін әрқайсысы 200 000 теңгеден табысталады.