«Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтык өзара іс-кимыл проблемалары» атты халықаралық ғылыми конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2020 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өткізіледі.

Сізге сеніп тапсырылған жоғары оқу орнының курсантгарын аталған форумға қатысуга шақырамыз.

Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс, ағылшын. Мақалалар жинағы конференция жұмысының алдында басылып шығарылады.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 3 наурызына дейін мыналарды ұсыну қажет:

· қатысуға өтінім (үлгі қоса тіркеледі). Бір ЖОО-дан әр секция бойынша үш баяндамашыдан аспауы тиіс;

· баяндама тезистері кағаз және электронды тасымалдағыштарда (талаптар қоса тіркеледі);

· баяндамаларды талқылау және оларды баспаға ұсыну туралы кафедра отырысының хаттамасынан үзінді.

Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және талаптарды бұза отырып ресімделген материалдар қаралмайды.

Қосымша: Ақпараттық хат 2 парақта.