«Химиялық инженерияның өзекті мәселелері: іргелі және колданбалы зерттеулер» атты республикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Yessenov University көрнекті қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абжаппаров Абдумуталип Абжаппарұлының 70-жылдык мерейтойына арналған «Химиялық инженерияның өзекті мәселелері: іргелі және колданбалы зерттеулер» атты республикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция 2020 жылдың 13 наурызында Ақтау қаласындағы

Yessenov University -де өтеді.       

Абдумуталип Абжаппарұлы – көрнекті ғалым, қазіргі заманғы

қазақстандық жоғары білім мен ғылымды ұйымдастырушылардың бірі, С Аманжолов атындагы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметінде болды. 2005 жылдан 2013 жылға дейін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг

университетінің ректоры болды. Оның басшылығы кезінде университеттің бас ғимараты жаңа ғимараты пайдалануға берілді және университет дамуының жаңа кезеңіне өтіп халықаралық деңгейге көтерілді. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Батыс Қазақстан өңіріндегі жетекші оқу орындарының бірі болды.

Сіздерді конференцияға қатысуға және құрметті қонақ болуға шақырамыз. Бұл конференңия университеттер арасындағы достык қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосымша серпін береді. Конференцияға көрнекті ғалымдар мен зерттеушілер, университет оқытушылары, студенттер, магистранттар жэне докторанттар қатысады.