«Құнанбай: аңыз және ақиқат» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ (ҚАЗ.)

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ (ОРЫС.)

Құрметті әріптестер!

2020 жылдың 20 наурызында Шәкәрім Университеті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің, Шығыс Қазақстан Облыстық Әкімдігінің қолдауымен ұлы ақын, ағартушы, гуманист Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Құнанбай: аңыз және ақиқат» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: дала заңын, патша низамын, шариғат жолын тең ұстаған Құнанбайдың азаматтық, күрескерлік, қайраткерлік беинесін әр қырынан ашу, тұлғалық тағылымын зерделеу, кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Конференцияның жұмысына мемлекеттік органның өкілдері, елшілік ғалымдар, қоғам қайраткерлер оқытушылар мен студенттер қатысады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. XIX ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.  

2. Ауызша және жазбаша деректерден Құнанбай Өскенбайұлы.

3. Әдебиет пен өнердегі бейнесі.

Сізді жеке қатысуға және конференцияның құрметті спикері болуға шақырамыз.

Қосымша: 6