“Жас толқын” республикалық олимпиадаға қатысу өтінімдерін қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  қорында дәстүрлі көктемгі «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінің аясында өтетін  республикалық «Жас толқын» олимпиадасына қатысатын студенттік командалардан өтінімдер қабылдау басталды.  

Олимпиадада Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алатын 5 студенттен тұратын командалар қатыса алады. Олимпиада талаптарына сай студенттік сайысқа бір ЖОО-дан 2 командадан артық өтініш қабылданбайды.

Олимпиада 3 турдан тұрады: 

1. Алдын-ала іріктеу туры; 

2. Нысанды сайыстық тур; 

3. Спорттық сайыстар. 

Кешенді сайыс  төмендегі тапсырмалардан тұрады: 

– “Миллионға идея” әлеуметтік-инновациялық жоба таныстырылымы;

– Студенттік өмір туралы бейнероликтің көрсетілімі;

– базалық пәндер бойынша тестілеу;

– Спорттық сайыстар. 

Бірінші іріктеу турының нәтижесімен екінші турға 7 студенттік команда іріктеліп алынады. Олар Алматыда өтетін  «ТІРЕГІ СЕНДЕР ЕЛІМНІҢ» фестивалінде интелектуалдық және физикалық қабылеттерін ортаға салады.  

“Миллионға идея” жобасының “Жас толқын” олимпиадасының жеңімпаздары өз-ара  үш жүлделі орынды бөліседі. Ұйымдастыру комитетімен сондай-ақ қосымша номинациялар қарастырылған.  

“Миллионға идея” жобасының ең үздік авторына идеясын  жүзеге асыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбас қорының гранты табысталады. 

Студенттік командалардан өтінімдер қабылдау мерзімі  – 2 сәуір 2020 ж. дейін.

 

https://fpp.kz/site/news/view?id=239