ЕҰУ ұжымы назарына

Құрметті әріптестер!

Ұжымның әйел азаматтарын алда келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, әлемдік қауіп – коронавирусқа байланысты халық бас қосатын мейрам шараларына тоқтау қойылғанын мәлімдейміз. Бұл туралы Президент Қ.К.Тоқаев парасатты пікірін айтты. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Дей тұрғанмен ректор Е.Б.Сыдықовтың бұйрығымен әріптес ханымдар мен арулар мерекелік сыйақы алатынын, жекелеген тұлғалар әкімдік, салалық кәсіподақ, ректорат тарапынан марапатталатынын жеткізгіміз келеді. Дана халық айтқандай, “Қорқыныштың арты қуаныш болсын!”. Баршаңызға шуақты күндер тілейміз.

ЕҰУ ақпарат орталығы