Құрметті студенттер !
Сіздерді 2020 жылдың наурыз айының 12-13 күндері өткізілетін «Қазіргі жаһандық мәселелерге жастардың ғылыми көзқарастары» жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІІІ республикалық студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға қатысуға ЖОО студентері шақырылады.
Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
• студенттердің ғылыми – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын жандандыру:
• студенттерді қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;
• студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;
• студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:
◊ Секция 1. Химия инженерия және биотехнология;
◊ Секция 2. Сәулет, құрылыс, көлік және тіршілік қауіпсіздігі;
◊ Секция 3. Текстильді және тамақ инженериясы;
◊ Секция 4. Агроөнеркәсіп кешенінің даму жолдары және ауылшаруашылығы мәселелері;
◊ Секция 5. IT-технология, автоматтау және энергетика;
◊ Секция 6. Жаратылыстану – педагогика;
◊ Секция 7. Басқару және бизнес;
◊ Секция 8. Заңтану және халықаралық қатынастар;
◊ Секция 9. Педагогика және мәдениет;
◊ Секция 10. Қазіргі тіл білімі және әдебиеттану;
◊ Секция 11. Бәсекеге қабілетті Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері;
◊ Секция 12. Стандарттау, механика және мұнай газ.
Конференцияның жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция бойынша мақалалар жинағы жарық көреді, қабылдау мерзімі 2020 жылдың 01-ші наурызына дейін келесі мекен – жайда: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ (16 ғимараты № 208 бөлмесінде қабылданады, сым: 8 (7252) 30-08-57, ал өзге қалалардан қатысушылар материалдарды e-mail: zaure.sengirbaeva@yandex.kz (мақаланы жинаққа енгізу үшін төленген төлемақының ксерокөшірмесі немесе сканерленген көшірмесін қоса жіберу керек) электронды поштасына жіберуіне болады.