«Зияткерлік меншік» онлайн-курсы

  

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының академиясы (ДЗМҰ) Creative Spark бағдарламасымен ынтымақтастықта зияткерлік меншік бойынша тегін курсқа тіркелу басталғанын қуана хабарлайды.

Курс сізге зияткерлік меншік, авторлық құқық, тауар белгілері, патенттер және т.б. ұғымдарды түсінуді, өз бизнес-идеяларыңызды қорғауды қамтамасыз етуді үйретеді. Аталмыш курс тартымды оқыту тәжірибесін қамтитын жаңа дизайнмен жаңартылды – енді сіз курсты тыңдауға, бейне көруге және виртуалды оқытушыдан қолдау алуыңызға мүмкіндік болады.

Бұл зияткерлік меншік саласында сертификат алуға тамаша мүмкіндік!

Оқу мерзімі:

Тіркелу: 12 Ақпан 2020 ж – 3 Наурыз 2020 ж

Курстың басталуы – 4 наурыз 2020 ж

Курстың аяқталуы – 22 сәуір 2020 ж

Онлайн емтихан – 23-30 сәуір 2020 ж

Зерттеу материалдарымен танысуға 55 сағат бөлу ұсынылады.

 

Курсқа қатысу үшін не істеу керек?

1-қадам. ДЗМҰ Академиясына мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://www3.wipo.int/wipoaccounts/en/generic/public/register.xhtml.

2-қадам. Төменгі сілтемені басу арқылы курсқа ағылшын немесе орыс тілінде тіркеліңіз:

Ағылшын тілінде тіркелу https://welc.wipo.int/acrp/program/dl?cid=DL101EBC20S1

Орыс тілінде тіркелу https://welc.wipo.int/acrp/program/dl?cid=DL101RBC20S1

Курстың мазмұны туралы толық ақпарат және тіркеу нұсқаулығы осы сілтеме бойынша https://drive.google.com/drive/folders/13zNWgTVYUXHSGprRU0IabC5MAHN__t9D?usp=sharing

Қандай да бір сұрақтарыңыз бар ма? Келесі электрондық пошта бойынша DL101r.academy@wipo.int немесе creative.spark@britishcouncil.org ДЗМҰ-мен байланысыңыз.