Британдық Кеңес ұсынған онлайн ағылшын тілі курстары

THE ENGLISH CHANNEL

PROFESSIONAL SKILLS COURSE

Курстың мазмұны

Жас мамандар мен кәсіпкерлерге арналған бұл курс халықаралық деңгейде және кәсіби шеңберде қарым-қатынас жасау үшін пайдаланушыларға қажетті іскерлік лексика, жалпы фразалар мен пайдалы құрылымдарға негізделген.

Әрбір бөлім еңбек саласындағы жаңа әлемдік әзірлемелерді қарастырып, іскерлік дағдылар мен кәсіби мансап бойынша танымал кәсіби сарапшылардан кеңестерді ұсынады.

Курс мазмұнын серіктес стартаптар, университеттер және креативті компаниялар ұсынып отыр.

Функционалдық және өзара іс-қимыл

The English Channel осы салада көш бастап келе жатқан серіктестердің ең үздік кәсіби және кәсіпкерлік тәжірибесін қамтиды, сондай-ақ ағылшын тілін пайдалануда нақты мысалдар, бизнес пен мансап бойынша кеңестер ұсынады.

Бұл жиырма сағаттық курс бейне және интерактивті контенттен құрылған жиырма бөлімді қамтиды.

Әр бөлімдегі бейнебаяндар мен сарапшылардың әзірлеген жаттығуларының көмегімен білім алушылардың тілдік дағдыларын арттыруға және оларды қолдануға көмектеседі.

Оқу нәтижелері

Әрбір бөлімнен кейін пайдаланушылар өздерінің сөздік қоры мен негізгі құрылымдарды меңгеру деңгейінің жоғарылағанын байқайды. Аталмыш курс интерактивті педагогикамен қызықты мазмұнды ұштастыра отырып пайдаланушының деңгейін А2-ден В1 деңгейіне көтеруге ықпал етеді.

Курс соңына дейін пайдаланушылар өздерінің тілдік дағдыларын барынша дамытып, сондай-ақ жұмыс, жеке мақсаттар мен мансаптық өсу жоспарлары туралы еркін сөйлей алады.

 

Курсқа тіркелу үшін http://www.creotalents.com сайтына өтіп Британдық Кеңес ресурстарын таңдаңыз.