Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім» жобасынан қазақ тіліндегі оқулықты оқимын» атты эссе байқауын жариялайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттерін, магистрант және докторанттарын “Рухани жанғыру” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шығарылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасынан оқулықты оқимын» атты эссе байқауына шақырамыз.

Эссе байқауы әр қатысушыға мынадай мүмкіндік береді:

– тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік және инновациялар бойынша үздік әлемдік оқулықтармен танысу;

– оқу тәртібін меңгеруді жақсарту және ғылыми лексиканы меңгерудің сөздік қорын кеңейту;

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы білім беру және кәсіби ой-өрісін арттыру.

Өткізу мерзімі: 2020 жылдың 20 ақпан – 20 сәуір аралығы

Өткізу кезеңдері: 1). 1 наурыздан 15 сәуірге дейін жұмыстарды қабылдау. 2). 15-20 сәуір аралығында жұмыстарды бағалап, қорытынды жасау.

23 сәуір жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау. 

Конкурстық жұмыстарды жазуға және рәсімдеуге қойылатын талаптар 

1. Оқылған оқулық туралы өз пікірі эсседе көрсетілуі тиіс.

2. Оқулықты оқып шыққаннан кейінгі Сіздің дүниетанымыңызға әсері, белгілі бір саланы меңгергендігіңізді көрсетуі тиіс.

3. Жұмыс анық және түсінікті стильмен жазылуы тиіс және А4 форматындағы 1-2 беттен аспауы тиіс (Word, шрифт Times New Roman 14, 1 интервал).

4. Әр қатысушы бір ғана жұмысты ұсына алады.

5. Жұмыстың негізгі бетінде келесі мәліметтер болуы тиіс: эссе тақырыбы және автор туралы ақпарат (толық аты-жөні, әкесінің аты, курсы, тобы, телефоны, электрондық поштасы).

Жұмыстар ғылыми кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөлімінде (Пушкин көшесі 11, № 207 кабинет) басып шығарылған күйінде немесе “Эссе байқауы” белгісімен dossova_an_1@enu.kz электрондық поштасына жіберілу арқылы қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Авторларға рецензия жіберілмейді. 2020 жылдың 15 сәуірінен кейін жіберілген жұмыстар қаралмайды.

Байқау жұмыстарын бағалау және жеңімпаздарды марапаттау 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарға баға береді. Бағалау қорытындысы бойынша үш үздік жұмыс іріктеледі, оның ішінде жеңімпаздар анықталады (1, 2, 3-орын). Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Үздік жұмыстар “Еуразия университеті” газетінде жарияланады. Марапаттау рәсімі 2020 жылдың 23 сәуірінде «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған Кітап Апталығын өткізу кезінде шығарылады.

Анықтама үшін байланыс: Досова Асия Насыровна, ғылыми кітапхананың бас маманы. Тел. 36204

Қымбатты достар, біздің байқауға қатысыңыздар!