«Кітапхана тынысы» атты тақырыптағы бейнероликтер байқауы

Құрметті достар!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасы студенттерді «Кітапхана тынысы» атты тақырыптағы бейнероликтер байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың мақсаты: Ақпараттың көзі және білім беру орталығы – кітапханаға студент жастардың назарын аудару.

Байқауға 4 номинация бойынша ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнесюжеттер қабылданады:

1. Кітапхана бойынша гид/бағыттаушы.

2. Кітапхана менің өмірімде.

3. Менің сүйікті кітабым.

4. Менің сүйікті кітапханашым.

Байқауға қатысушылар бейнероликтің жанрларын (сұхбат, репортаж, бейнебаян, деректі, ойын форматын) өз бетінше анықтайды. Бейнеролик қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кез келген танымал бейне – форматта түсірілуі мүмкін. Жұмыстар жеке немесе топпен орындалуы мүмкін. Әр қатысушы немесе қатысушылар тобы байқауға бір ғана бейнеролик ұсына алады. Байқау жұмыстары қайтарылмайды. Жіберілген жұмыстар көрсетілген мерзімнен кейін қатысуға қабылданбайды.

Байқау өткізудің мерзімі: 2020 жылдың 15 ақпаны мен 15 сәуірі аралығы.

Жұмысты ғылыми кітапхананың ғылыми-әдістемелік бөлімі (Пушкин көшесі 11, № 207-кабинет) қабылдайды немесе dossova_an_1@enu.kz электрондық поштаға жіберуге болады. Толық аты-жөні, жұмыс атауы, факультет және курс, байланыс мәліметтері (ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы) көрсетілген, «бейнероликтер конкурсы» белгісімен жіберілуі тиіс. Жіберілген жұмыстарды құзыретті қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1. Мазмұны (көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі).

2. Материалды көрсетудің мәнерлілігі.

3. Түпнұсқалығы (басқа конкурстық жұмыстардан бейненің ерекшеліктері мен айырмашылықтары).

4. Техникалық іске асыру: бейне түсірілімінің сапасы.

5. Бейнероликтің ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау (3 минуттан артық емес).

Барлық байқау жұмыстары «кадрдағы кітапхана» дискісімен басылып шығарылады, үздік жұмыстар кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланады. Конкурстың қорытындысы 2020 жылдың 23 сәуірінде «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған Кітап Апталығын өткізу кезінде шығарылады.

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама үшін байланыс: Досова Асия Насыровна, ғылыми кітапхананың бас маманы. Тел. 709500 ( ішкі.36204)

Құрметті достар! Байқауға қатысыңыз!

Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз!