Ғылыми кітапхана сіздерді «Политехресурс» компаниясының «Консультант студента» ЭКЖ-ның практикалық семинарына қатысуға шақырады

Құрметті оқырман!

 

Ғылыми кітапхана сіздерді «Политехресурс» компаниясының «Консультант студента» ЭКЖ-ның практикалық семинарына қатысуға шақырады.

Семинар Жоғары білім берудегі жалпы әлемдік үрдістер контекстінде электрондық кітапханаларды дамытудың заманауи бағыттарына арналады. Семинар барысында осы жүйе ұсынатын барлық мүмкіндіктерді (ПОҚ/студент) толық сипаттауға және пайдаланушыларды ЭКЖ-мен жұмыс істеу ережелеріне тікелей практикалық оқытуға көп уақыт бөлінеді.

Іс-шара “Политехресурс” компаниясының бас директоры Антон Молчановтың қатысуымен, 21 ақпан күні сағат 11-00-де Пушкин көшесі, 11, Ғылыми кітапхана, 3 қабат, 304 аудиторияда өтеді.

Қатысушы сертификатын алу үшін келесі сілтеме бойынша іс-шараға алдын ала тіркеуден өту қажет: https://forms.gle/HkqbwaxwDZWH7tfP6