«Қазақстанды жаңғыртуындағы Ұлттық кеңестің рөлі: анализ және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми конференция

Еуразиялық интеграция институты Нұр-Сұлтан қаласында (Қазақстан Республикасы) «Қазақстанды жаңғыртуындағы Ұлттық кеңестің рөлі: анализ және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Конференцияға қатысушылар: мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен сарапшылар.

Конференция аясында пленарлық отырыс пен келесідей бағытта:

– «Қазақстанды әлеуметтік-саяси жаңғырту: жолдары мен перспективалар»;

– «Елдің әлеуметтік трансформациясы: проблемалар. Шешу жолдары» екі секцияларды өткізу жоспарлануда.

Секциялардың саны мен атауы келіп түскен өтінімдер мен баяндамалардың тақырыптарын зерделегеннен кейін Ұйымдастыру комитеті тарапынан түзетілуі мүмкін, бұл конференцияға қатысушыларға қосымша хабарланады.

Конференцияға қатысу келесідей формаларда рұқсат етіледі:

· тікелей: ауызша баяндамамен сөз сөйлеу, пікірталасқа қатысу;

· сырттай: ғылыми мақаланы жария ету.

Конференцияның өту мерзімі мен орны: 2020 жылдың 27 наурызы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Өтінімдер мен мақалаларды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 25 наурызы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Іс-шара нәтижесінде конференция материалдарының жинағы басып шығарылады.

Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді.

Қатысушы өтінімін формаға (осы хатқа 1 Қосымша) сәйкес толтырып, баяндама мәтінімен бірге электронды мекенжай a.eshmuratov@iei.kz немесе a.shokaeva@iei.kz жіберу.

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған, конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе мәтіннің түпнұсқалығының төмен деңгейіне ие материалдар жарияланымға қабылданбайды. Конференцияның ұйымдастыру комитеті қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің пошталық мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан, Сығанақ к-сі, 29, 908 каб.

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз.

Конференция үйлестірушілері:

Ешмұратов Арман Қанатұлы, Шоқаева Айгүл Мәулиқызы, тел.: +7 (7172) 516912.

 

Ақпараттық хат