«Туризм» мамандығы бойынша XIІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиада

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика факультеті, «Туризм» кафедрасы 2020 жылдың 16-17 сәуірі аралығында «Туризм» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді (ары қарай-Олимпиада).

Олимпиада 3 кезеңді біріктіреді:

1 кезең (Сырттай үй тапсырмасы): «Туристік өнімді жылжытудың келешегі мен SMART технологиялардың мүмкіндіктері (қатысушылардың аймақтарының мысалында)» тақырыбында мамандық бойынша үй тапсырмасын әзірлеу.

Олимпиадаға қатысу үшін командалар 2020 жылдың 9 наурызына дейін (қоса алғанда) Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне өтінім мен үй тапсырмасын enu2020olimpiada@mail.ru электронды поштаға ұсынады.

2 кезең (Тікелей қатысу): Белсенді туризм түрлері бойынша жарыс.

Өткізу уақыты мен орыны: 16 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласының саябақ аумағы.

2 кезеңнің өткізу тілі: қазақ, орыс.

3 кезең (Тікелей қатысу): Нақты тақырып бойынша жоба қорғау:

«Туристік өнімді жылжыту келешегі мен SMART технологиялардың мүмкіндіктері (қатысушылардың аймақтары мысалында)». Жобаны қорғауға берілетін уақыт: 7 минут.

Үшінші кезеңді өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу шартарында студенттірдің аталған мамандыққа (растайтын құжат – жеке куәлік және оқу орынан алынған анықтама) сәйкес болуы міндетті. Сәйкес болмаған жағдайда конкурстық комиссия сәйкессіздікті анықтап, ондайөтінімдерді қабылдаудан бас тартады (Қосымша 1, Қосымша 2). Әр университет күндізгі оқутүрі бойынша бес (үш ер бала + бір қыз бала +бір қосалқы қатысушы) студенттенаспайтын екі команданы қатыстыруға ұсына алады.

Жіберуші тараптардың профессорлық-оқытушылық құрамынан команда жетекшісінің болуы міндетті саналады.

Олимпиаданың ақпараттық хабарламасы мен жағдайлары ЕҰУ-нің сайтында www.enu.kz орналастырылады.

Толық ақпарат олимпиада өткізу Ережесінде көрсетілген.

Бірінші кезеңнен сәтті өткен командалардың университеттің бірінші жетекшісімен расталған Олимпиадаға қатысу өтінімдері 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010010, Нұр-Сұлтан қ., Мұңайтпасов көшесі, 11 (ОЗҒ), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, экономика факультеті, «Туризм» кафедрасы – 607 каб.

Координаторлардың байланыс телефондары:

Олимпиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты – «Туризм» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы:

Кафедра меңгерушісі: Дуйсембаев Азамат Алдашович, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, тел.: 8(7172) 709500 (ішкі номер 32500);

Аға оқытушы – Галиакбаров Ермек Эдуардович, тел.: 87029707592;

Аға оқытушы – Нурманова Улболсын Кишкенеевна, тел.: 87070031801.

Өтінімді жібергеннен кейін, электронды пошта арқылы мүмкін болатын техникалық мәселелерді болдырмау үшін қатысуыңызды (телефон арқылы) растаңыз.

Олимпиадаға қатысу бойынша шығындар жіберуші тараптармен қаржыландырылуы қажет.

 

Ақпараттық хат

«Туризм» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданы өткізу туралы Ереже