«Әлемдік өркениеттегі Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлы ойшылдың 1150-жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Әлемдік өркениеттегі Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясы өтетіндігін хабарлайды.

Конференцияның мақсаты – Әлемдік өркениет контекстіндегі әл-Фараби ілімінің рухани-адамгершілік әлеуеті мен жаңа дәуірдегі адамның рухани-адамгершілік қалыптасуындағы әл-Фараби мұрасының өзектілігін анықтау.

Міндеттері: әл-Фарабидің адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаның қалыптасуы туралы, мейірімді қала туралы, әділдік, теңдік, қоғам, әлем, бақыт туралы ілімін талқылау.

Конференция 2020 жылдың 26 наурызында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және келесі бағыттар (тақырыптар) бойынша секциялар жұмысын қарастырады:

Секция 1: «Әл-Фараби және қазіргі заман: адам философиясы. Бақытқа бастар жол. Мейірімді қоғам» (Жауапты: Аликбаева М.Б. Marzhan.Alikbaeva@kaznu.kz, 87074297879)

Секция 2: «Әл-Фараби мұрасы шығыс елдерінде» (Жауапты: Джакубаева С.Т. Saltanat.Dzhakubayeva@kaznu.kz, 87477084060)

Секция 3: «Мәдениетаралық қарым-қатынастардағы әл-Фараби мұрасының рөлі» (Жауапты: Жекенов Д.К. Duman.Zhekenov@kaznu.kz, 87078307457)

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 13 наурызына дейін конференцияға қатысуыңызды растауды және баяндама тақырыбын жоғарыда көрсетілген электрондық мекен-жайларға жіберулеріңізді сұрайды.

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050040, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. Тел. + 7 (727) 377-33-30; ішкі.16-62, моб. 87471698469. Слямова Эльмира Серікқызы E-mail: Elmyra.Sliyamova@kaznu.kz.

 

Ақпараттық хат