2020 жылдың 21 ақпанында сағат 17.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D050600 – «Экономика» мамандығы бойынша Саябаев Кайсар Максутовичтің «Жасыл туризмді дамыту арқылы Ақмола облысының ауылдық аймақтарының экономикалық әлеуетін нығайту» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын қарауға арналған ғылыми семинар өтеді.
Отандық ғылыми кеңесшісі: Жансагимова А.Е. – PhD докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Ниязбекова Ш.У. – PhD докторы, С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті «Қаржы және несие» кафедрасының доценті.
Диссертациялық жұмыс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Экономика» кафедрасында орындалған.
Ғылыми семинардың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қажымұқан көшесі 11, №5 оқу ғимараты (ОЗК), Экономика факультеті, ауд. 605.