17-ші 2020 КИМЭП Халықаралық ғылыми-зерттеу конференция

КИМЭП Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (KIRC) 2020 жылғы ақпанның 17-нен 18-не дейін КИМЭП Университетінде орын алады.

Бұл көпсалалы конференция қоғамның барлық мүшелеріне әсер ететін білімді дамытуға арналған. Конференция ғалымдар, бизнес көшбасшылары, ҮЕҰ, журналистер, саясаткерлер және заң шығарушылар арасында бизнес, экономика, менеджмент, салық салу, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, құқық және лингвистика саласындағы идеялар, құндылықтар, зерттеулер мен тәжірибе алмасуды ынталандырады.

Конференция тақырыбы: «Орталық Азия мен оның аумағынан тыс экономика, бизнес және қоғам үшін қиындықтар мен мүмкіндіктер». Көрсетілген тақырып шеңберінен шығатын жұмыстар да қабылданады.

Конференция құрылымы мен шеңбері:

Конференцияда ғылыми жұмыстардың презентациялары, сондай-ақ шақырылған лекторлардың баяндамалары, топтық талқылаулар мен практикалық семинарлар қатар жүргізіледі. Жұмыстар мен презентациялар көптеген салалар бойынша ұйымдастырылған, оның ішінде есеп және салықтар, экономика, қаржы, маркетинг, менеджмент, ақпараттық жүйелер, операциялық басқару, туризм, әлеуметтік және гумиантарлық ғылымдар, лингвистика, құқық және т.б.

Ақпараттық хат