Халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиада

Жаратылыстану ғылымдары факультеті жоғары оқу орындарының студенттерін 2020 жылдың 9 сәуірде өтетін студенттік пәндік онлайн олимпиадаға қатысуға шақырады.

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» секциясын «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасы ұйымдастырады.

Олимпиаданың мақсаты:

– Студенттердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және мамандар дайындау сапасын жоғарылату;

– Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, өндірістік және зерттеу жұмысы үшін талантты жастарды табу және қолдау;

– Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің байланысын нығайту.

Олимпиада қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Олимпиаданың тақырыптық бағыты:

– Трансшекаралық суды басқару. Су қорлары мәселелері

– Экологияның өзекті мәселелері

– Қалдықтар. Қалдықтарды қайта өңдеу

– Жасыл экономика – тұрақты дамуға жол

– Экологиядағы биоиндикациялық зерттеулер

– Қоршаған орта мониторингі

– Биологиялық алуантүрлілік мәселелері

Онлайн олимпиадаға «Экология» мамандығында білім алатын 2-3 студенттерден тұратын командалар қатыса алады.

Онлайн олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең – студенттерді тестілеу ( 40 тест сұрақтары және тапсырмалар). Тесттік сұрақтар олимпиадаға қатысушылардың электрондық адресіне жіберіледі (жергілікті уақыт бойынша 11.00, тест уақыты-40 минут).

2) Екінші кезең – жобаны қорғау. Командалар өз жобаларын gulnur_erzhanovna@mail.ru электрондық адресіне жібереді (жергілікті уақыт бойынша 12.00)

Студенттік пәндіконлайн олимпиаданы қорытындылаған кезде конкурс комиссиясының мүшелері жеңімпазды командалық есеп бойынша анықтайды.

Студенттік пәндік онлайн олимпиадаға командалар тіркелуі үшін 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін өтініш сканерленген түрде gulnur_erzhanovna@mail.ru. электрондық почтасына жіберілуі тиіс.

Студенттік пәндік онлайн олимпиадаға қатысу тегін. Пәндік онлайн олимпиада қорытындысы бойынша диплом және сертификаттар беріледі.

 

Ақпараттық хат