Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Саясаттану кафедрасы «Этносаясат модельдері – жаңа сын-тегеуріндер: білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалаудағы ғылыми тәсілдер» атты ғылыми семинарға шақырады.
Ғылыми семинарды Саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы Н.П. Калашникова, жас ғалым-докторанттар Ж.А. Искакова, К.М. Тургумбаева, Г. Байшань, магистранттар А. Кахарман, Ван Лулу өткізеді.
Ғылыми семинардың өтетін уақыты мен орны: 2020 жылғы 20 ақпан, басталуы сағ. 14:00. Журналистика және саясаттану факультетінің оқу корпусы, Янушкевич көшесі, 6, Мәжіліс залы, 106.