«Қазіргі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2020 жылдың 20 наурызында Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция жұмысына қатысуға: ҚР БҒМ, ҚР ҰҒА, ҚХА, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА, НЗМ «Педагогикалық шеберлік орталықтарының», ғылыми және практикалық білім беру мен тәрбиелеу орталықтарының; облыстық, қалалық білім басқармаларының; білім беру мекемелерінің, білім беру саласындағы прессаның өкілдері, сонымен қатар білім беру және тәрбие саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, философ ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, психологтар, педагогтар, магистранттар, докторанттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты: білім алушы жастарға ұлттық тәрбие берудің және оның даму перспективаларының өзекті мәселелерін талқылау бойынша ғылыми диалог ұйымдастыру.

Конференцияның жүргізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны жүргізу формасы: келіп қатысу немесе сырттай қатысу.

Ғылыми мақалаларды өткізудің соңғы мерзімі: 1 наурыз 2020 ж.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының ХХІ ғасыр жастарының тәрбиесіне әсері.

2. Білім алушы жастарға ұлттық тәрбие берудің әдіснамасы және практикасы: отандық және шетелдік тәжірибе.

3. Отандық білім беру жүйесінің жаһандану және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы жағдайындағы білім алушы жастарға ұлттық тәрбие берудің психологиялық негіздері.

4. «Мәнгілік Ел», «Ұлы даланың жеті қыры» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық идеялары контекстінде болашақ педагогтарды білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беруге кәсіби даярлауды модернизациялау.

5. Білім алушы жастардың салауатты өмір салты – ұлттың интеллектуалды әлеуеті мен оның қауіпсіздігін сақтау негізі.

6. Көпмәдени қоғамдағы ұлттық тәрбие модельдері:болашаққа көзқарас.

 

Ақпараттық хат