«Қазіргі жаһандық мәселелерге жастардың ғылыми көзқарастары» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІІІ республикалық студенттік ғылыми конференция

Сіздерді 2020 жылдың наурыз айының 12-13 күндері өткізілетін «Қазіргі жаһандық мәселелерге жастардың ғылыми көзқарастары» жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІІІ республикалық студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

студенттердің ғылыми  – зерттеу және оқу – танымдық жұмыстарын жандандыру:

студенттерді қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру;

студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

студенттердің зияткерлік қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

◊ Секция 1. Химия инженерия және биотехнология;

◊ Секция 2. Сәулет, құрылыс, көлік және тіршілік қауіпсіздігі;

◊ Секция 3. Текстильді  және тамақ инженериясы;

◊ Секция 4. Агроөнеркәсіп кешенінің даму жолдары және ауылшаруашылығы мәселелері;

◊ Секция 5. IT-технология, автоматтау және  энергетика;

◊ Секция 6. Жаратылыстану – педагогика;

◊ Секция 7. Басқару және бизнес;

◊ Секция 8. Заңтану және халықаралық қатынастар;

◊ Секция 9. Педагогика және мәдениет;

◊ Секция 10. Қазіргі тіл білімі және әдебиеттану;

◊ Секция 11. Бәсекеге қабілетті Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері;

◊ Секция 12. Стандарттау, механика және мұнай газ.

Конференцияның жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақаланың көлемі 2 беттен аспауы керек.

Баяндама мәтінін редакциялауға жатпайды және түп нұсқасы болып саналады. Конференцияның баяндамалар жинағы тікелей көшірме әдісімен теріледі.

Мақаланың төлем ақысы  –  2500 теңге.

Конференция бойынша мақалалар жинағы жарық көреді, қабылдау мерзімі 2020 жылдың 1-ші  наурызына дейін келесі мекен-жайда: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ (16 ғимараты № 208 бөлмесінде қабылданады, сым: +7 (7252) 30-08-57, ал өзге қалалардан қатысушылар материалдарды e-mail: zaure.sengirbaeva@yandex.kz  (мақаланы жинаққа енгізу үшін төленген төлемақының ксерокөшірмесі немесе сканерленген көшірмесін қоса жіберу керек) электронды поштасына жіберуіне болады.

Ақпараттық хат