Халықаралық түркі əлемі жаратылыстану жəне инженерлік ғылымдар конгресі

2020 жылдың 4-5 маусым аралығында Нигде Өмер Халисдемир университетімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылығымен Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында II. Халықаралық түркі әлемі жаратылыстану және инженерлік ғылымдар конгресі (TURK-COSE2020) ұйымдастырылады.TURK-COSE2020 – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар, физика және техникалық ғылымдар, құрылыс технологиялары және инжиниринг, көлік және энергетика салаларындағы заманауи ғылымға, инженерлік және технологиялық мәселелерді талқылауға бағытталған. Конгрестің біріншісі 2019-жылдың 17-18 маусымында Түркияның Нигде қаласында, Нигде Өмер Халисдемир университетінде ұйымдастырылған болатын. TURK-COSE2020 – әлемдегі ғалымдардың ғылым, техника және технология салаларында басын қосып, бүгінгі зерттеу нәтижелері мен идеяларын ұсынатын форум құруды мақсат етеді.

Ақпараттық хат (қаз.)

Ақпараттық хат (ағыл.)

Ақпараттық хат (түр.)