Қазақстанның үшінші жаңғыру контексіндегі андрагогикалық білім берудің әдіснамасы: Үрдістер, мәселелер, шешу жолдары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті 2020 жылғы 17 сәуірде сағат 10:00-де «Қазақстанның үшінші жаңғыру контексіндегі андрагогикалық білім берудің әдіснамасы: үрдістер, мәселелер, шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, жоғары оқу орындарының студенттерін (жетекшімен бірге), мектеп педагогтерін, сондай-ақ қарастырылатын мәселелерге қызығушылық танытатын барлық қатысушыларды шақырамыз.

Қорытынды бойынша конференция мақалаларының жинағы шығарылады, шығарылатын жинақ ӘОЖ және КБЖ тиісті кітапханалық индекстерге, ISBN баспа кітап индексіне ие.

Конференцияға қатысу нәтижелері бойынша әр авторға конференцияның қатысқанын растайтын сертификаты және конференцияның PDF форматындағы мақалалар жинағы электронды поштасына жіберіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Адами ресурстар теориясы ересектерге андрагогикалық білім берудің әдіснамасы ретінде: әлемдік және қазақстандық тәжірибе.

2. Әл-Фараби және Абайдың мәдени мұраларындағы андрагогикалық идеялардың аксиологиялық негіздері

3. Цифрлық  технологиялар дәуірінде ересектерге үздіксіз кәсіби қосымша білім беру

4. Қазақстанның  үшінші жаңғырту жағдайындағы ересектердің функционалды сауаттылығы мен XXI ғасыр дағдыларын дамыту.

5. XXI ғасырдағы педагогтердің кәсіби дамуы және үздіксіз өзін-өзі жетілдіру мәселелері.

Бақылау күні:

Материалдарды, мақалаларды қабылдау

2020 ж. 17 наурызға дейін

Мақаланы жариялауға қабылдау/мақұлдау немесе мақаланы пысықтау қажеттігі туралы хабарлама

2020 ж. 25 наурызға дейін

Материалдарды 2020 жылдың 17 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (moldir_03_87@mail.ru) жеке файлдармен ұсыну қажет:

1) талаптар мен үлгіге сәйкес ресімделген мақала;

2) үлгі бойынша қатаң ресімделген өтінім;

Конференцияның ұйымдастыру комитеті:

Email: moldir_03_87@mail.ru

Тел.: + 7 701 600 84 42.

Ақпараттық хат