Нұр-Сұлтан қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2020 жылдың 24-сәуірде өткізілетін «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XІІ Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қатыса алады. Оқу орны жіберетін тобын өзі шешеді. Топ 4 студенттен құралып, оның құрамында 1-4 курс студенттері болуы тиіс (қазақ және орыс оқыту тілдерінде).
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 10 сәуірге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 010010, Нұр-Сұлтан қаласы, Пушкин көшесі, 11 (№ 2 корпус), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы, 312 кабинет.
Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:
– Көшенова Ғанижамал Иманқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі. Байланыс телефоны: +7 776 977 18 78.
– Батталов Қайрат Қанатұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Байланыс телефоны: +7 775 7675752.
Электрондық пошта: 2020history_olimp@mail.ru.