«Қазіргі заманғы биологияның әдістемесі, теориясы мен практикасы» атты студенттер мен жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Сіздерді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-техникалық институтының биология және экология кафедрасында 2020 жылдың 13 наурызында өтетін «Қазіргі заманғы биологияның әдістемесі, теориясы мен практикасы» атты студенттер мен жас ғалымдардың V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның негізгі мақсаты:           

елдердің, аймақтардың, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу топтарының, сондай-ақ жеке зерттеушілердің өзара зияткерлік байытуына ықпал ету.

Конференцияның бағыттары:

1. Зоологияның өзекті мәселелері

2. Ботаника және өсімдіктер физиологиясының өзекті мәселелері

3. Адамдар мен жануарлардың анатомиясы мен физиологиясының кейбір сұрақтары

4. Молекулалық биология мен генетиканың даму тенденциялары мен перспективалары

5. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы мәселелері

6. Қазіргі кезеңдегі биологияны оқыту әдістемесі

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу формалары: тікелей және сырттай.

Конференцияға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

Конференцияға қатысқысы келетіндер электронды нұсқа арқылы MTP_BIO@mail.ru электронды поштасына 2020 жылдың 01 ақпанына дейін жіберілуі керек:

– үлгіге сәйкес жасалған конференцияға қатысуға өтінім (1 қосымша);

– баяндаманы рәсімдеу талаптарына сәйкес келетін мәтін (2-қосымшаны қараңыз);

– ғылыми жетекшінің немесе кафедра басшылығының ғылыми жариялауға рецензия-ұсынымының сканерленген нұсқасы.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың біреуі болмаса, жариялау үшін материалдар қабылданбайды. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды және мақалалар конференцияға енбейді.

Баяндама материалдары автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижелері туралы нақты түсінік беруі керек.

Бір адам екі реттен артық автор немесе бірлескен автор бола алмайды.

Конференция нәтижелері бойынша оған ISBN нөмірі көрсетілген мақалалар жинағы шығарылады.

Конференцияның нәтижелері бойынша конференцияға қатысуға өтінімде көрсетілген электронды мекен-жайларға ұйымдастырушылар конференция мәліметтерінің жинағының электронды нұсқасын жібереді.

Сонымен қатар, конференция жинағының электронды нұсқасы А.Байтұрсынова атындағы ҚМУ-дың on-line кітапханасында және Қазақстанның ЖОО аралық электронды кітапханасында (РМЭБ) орналастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз:

110000, Қазақстан, Қостанай қ., Абай даңғылы, 28, Аграрлық-техникалық институтының биология және экология кафедрасы, 105 кабинет.

Телефон бойынша анықтама:

Биология и экология кафедрасы 8 (7142) 55-85-16;

Кожевников Сергей Константинович 8 (707) 662 77 99

Жуматова Жулдыз Жанатовна 8 (747) 493-27-45;

Сәкен Айкүміс Қадыржанқызы 8 (747) 891-48-97;

Токушева Асель Салимжановна 8 (705) 832-21-87.

 

Ақпараттық хат