31 қаңтарда эксперименталды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді

2020 жылы 31 қаңтарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде эксперименталды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2019-2020 оқу жылына жұмыс тобының кезекті отырысының өтетіндігі жөнінде хабарлайды.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимараты, 259 аудитория

Басталу уақыты: 15.00

Күн тәртібі:

1. Бірінші жарты жылдықта өткізілген ашық сабақтардың нәтижелері туралы.

2. Қысқы емтихан нәтижелері.

3. Білім алушылардың магистрлік диссертацияларының дайындығы туралы.

4. Магистранттардың педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері және бірінші жарты жылдықта кафедра филиалдарында сабақ өткізу туралы.

5. ЭБББ жүзеге асыру бойынша бірінші жарты жылдық есебі.

6. ЭБББ білім алушыларының тәжірибелерден өтулері бойынша сауалнама нәтижелері (бакалавриат).

Байланыс үшін: ЭБББжЛ бөлімінің бас маманы ғылыми Жаңабергенова Назерке Салменқызы, 8 (717-2) 709500 (ішкі 31-329).