Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Талапкер-2020» ашық есік күні

25 қаңтар, 2020 жыл, 10:00 сағат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Талапкер-2020» ашық есік күні – бұл тек университетпен танысу ғана емес, сонымен қатар болашаққа жолды дұрыс таңдау жасаудың нақты мүмкіндігі.

Биылғы жылғы қабылдау бойынша университеттің білім беру бағдарламасымен және қабылдау шарттарымен танысқысы келетін орта мектептердің, орта кәсіптік оқу орынының түлектеріне қош келдіңіздер дейміз.

Ашық есік күні аясында келесі іс-шаралар өтеді:

· Факультет декандарымен кездесу;

· Шеберлік сабақтарын өткізу;

· Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның старостылар кеңесінің өкілдерімен кездесу;

· Университет туралы ақпараттық материалдармен танысу;

· Концерт.

Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Қ.Сәтпаев көшесі, 2, «Күлтегін» атриумы