«Қазақстанның үздік студенті-2020»

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Халықаралық «ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы аясында шығарылатын «Қазақстанның үздік студенті-2020» атты талантты студенттердің кітап жинағының шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Құжаттар:

– Ғылым саласында

– Өнер саласында

– Спорт саласында

– Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Қазақстанның үздік студенті-2020» атты халықаралық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Қазақстанның үздік студенті-2020» төсбелгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат беріледі.

Байқаудың шарты: қатысушылары төмендегі тақырыптардың бірін таңдап 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес эссе жазу қажет және студент өзі жайында 10 беттік презентация (презентациядағы жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері, қатысушының 4, 5 дана фото-суреттер (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс, 10 беттің сыртында қосымша ретінде) жасап эссемен бірге жіберу қажет.

– Менің өмір жолым және жеткен жетістіктерім.

– Егеменді елдің ертеңі – білімді жастар!

– Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан!

атты тақырыптардың бірін таңдап 2020 жылдың 10-шы ақпанына дейін lider.student@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, грамота, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі (9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2020 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Қазақстанның үздік студенттері» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 30-ші ақпанға дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және кофе-брейк, Елордамыздың мәдени ошақтарын аралау (музей және т.б.) қарастырылған.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/.

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz

8778 45 45 743 – Білім өркениеті

8 707 142 74 40 – Білім өркениеті

 

Ақпараттық хат