«Алгебра және логика» атты халықаралық ғылыми конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан) Сізді профессор У. Өмірбаевтың 60 жылдығына және профессор Л. Макар-Лимановтың 75 жылдығына арналған «Алгебра және логика» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2020 жылы 11-15 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Конференцияға группалар теориясы, сақиналар теориясы, алгебралық комбинаторика, аффиндік алгебралық геометрия, есептеу теориясы, модельдер теориясы, универсалды алгебра және де математиканың басқа да жақын салаларының мамандары шақырылады.

Конференция бағдарламасы пленарлық (40-50 мин.) және секциялық (15-20 мин.) баяндамалардан тұрады. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға дейін баяндамалардың тезистер жинағы жарияланатын болады.

Алдын-ала тіркелу үшін төменде көрсетілген ақпараттарды конференция ұйымдастырушыларының alglog2020@yandex.kz электронды поштасына жіберуіңізді өтінеміз:

· Аты-жөні:

· Жұмыс орны:

· Атқаратын қызметі:

· Мекен-жайы:

· Пошта индексі:

· Қала:

· Мемлекет:

· Телефон:

· Электронды пошта:

· Шақыру қажет пе: (Жоқ/Электронды түрі/Пошта бойынша түпнұсқасы)

Конференция секциялары, тіркеу жарнасын төлеу, тезистерді құрастыру ережелері, Нұр-Сұлтан қонақ үйлерінде тұру құны, сондай-ақ бағдарламалық және ұйымдастыру комитеттерінің, шақырылған баяндамашылардың құрамы кейінірек хабарланатын болады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс мәліметтер:

Мекен-жайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Сәтпаев көш., 2, ЕҰУ, механика-математика факультеті, алгебра және геометрия кафедрасы.

Эл. пошта: alglog2020@yandex.kz.

Бірінші ақпараттық хат