Құрметті оқытушылар, докторанттар, әріптестер!


2020 жылдың 15 қаңтарында Ғылыми кітапханада Springer Nature баспасының “Зерттеу тақырыбы бойынша рейтингтік журналдар мен мақалаларды таңдау. Ұрлағыш журналдардан қалай құтылуға болады? Сапалы мақала/монографияны дайындау және шетелдік рейтинг баспасында жариялау» тақырыбында практикалық семинары өтеді

Семинарда практикалық кеңестер, сұрақтарға жауап және қатысушылардың сұранысы бойынша журналдарды таңдау жүргізіледі:

– Шетелдік рейтингтік тегін журналды және зерттеу тақырыбы бойынша мақалаларды қалай және қайдан табуға болады?

– Ұрлағыш журналдардан қалай құтылуға болады?

– Сапалы мақала/кітапты қалай дайындауға және қалай шетелдік рейтинг баспасында жариялауға болады?

Семинарды Орталық Азия елдерінде Springer Nature компаниясының өкілі Александрова Ирина Алексеевна өткізеді.

Қатысушы сертификатын алу үшін келесі сілтеме бойынша іс-шараға алдын ала тіркеуден өту қажет: https://forms.gle/z7qUsoVg2eKg4yhb6