2020 жылдың 9 қаңтарынан 17 қаңтар аралығында «Инновациялық білім беру технологиясын дамыту контекстінде университет оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігі» тақырыпта әдістемелік онкүндік өтеді

2020 жылғы 9 – 17 қаңтар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Инновациялық білім беру технологиясын дамыту контекстінде университет оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігі» тақырыбында әдістемелік онкүндік өтеді.

Әдістемелік онкүндіктің мақсаты – инновациялық білім беру технологиясы контексінде профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерін қолдану.

Мақсатты аудитория – факультет декандары, декан орынбасарлары, факультеттердегі оқу-әдістемелік комиссия төрағалары, кафедра меңгерушілері, департамент директорлары, бөлім жетекшілері, ПОҚ.

 

Әдістемелік онкүндік бағдарламасы