Жаңа жыл – жаңа өмірдің жаңа жыры

Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына кетіп, төрімізге келер Жаңа жылға да санаулы күндер қалды. Баршамыз Жаңа жылдан оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтар күтетініміз сөзсіз. Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасындағы сағаттар тықылы, жаңа жылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ.

Университетіміздің барша ұжымын Жаңа жылмен құттықтай отыра, 26 желтоқсан сағат 17.00-де өтетін көңілге шаттық, жанға жайлылық сыйлайтын мерекелік кешке шақырамыз!

Орны: бас ғимарат “Гумилев” атриумы