2019 жылдың 26 желтоқсанында сағат 10:00-де №6 оқу-зертханалық ғимаратының 20-кабинетінде 6D072900 – «Құрылыс» мамандығының докторанты Қарлығаш Боранбайқызы Боргекованың «Құрама темірбетон қадалардың топырақпен өзара әрекеттестігін талдау» тақырыбында докторлық (PhD) диссертациясын қорғауға арналған ғылыми семинар өтеді.
Ғылыми кеңесшілер:
А.Ж. Жусупбеков – техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасының профессоры;
Е.Б. Утепов – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасының доценті;
Дер-Вен Чанг – PhD, Тамканг университеті «Құрылыс» кафедрасының профессоры (Тайпей қ., Тайвань).