Нұр-Сұлтан қалалық мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «PR Day» атты қалалық пәндік олимпиадасы өткізіледі

2019 жылы 13 – желтоқсан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдық мерекесіне орай, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен «PR Day» атты Нұр-Сұлтан қалалық мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында қалалық пәндік олимпиадасы өткізіледі.

ІІІ кезеңнен тұратын Олимпиада қазақ тілінде және орыс тілінде өткізіледі. Олимпиада байқауларының қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы 1,2,3 – орынға ие болатын қатысушыларды анықтайды. Әділқазылар алқасы құрамында танымал, тәжірибелі PR-мамандар мен Журналистика және саясаттану факультетінің ең үздік профессор – оқытушылары сайланады. Жеңімпаздарға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар табыс етіледі.