10 желтоқсанда ЕҰУ-де Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының менеджмент және бизнес құқығы кафедрасының меңгерушісі Алиева Светлана Викторовнаның ғылыми семинары өтеді

Құрметті ғалымдар, университетіміздің профессорлықоқытушылық құрамы, білім алушылар !!!

2019 жылдың 10 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының менеджмент және бизнес құқығы кафедрасының меңгерушісі, профессор, әлеуметтану ғылымдарының докторы Алиева Светлана Викторовнаның ғылыми семинары өтеді. Алиева Светлана Викторовна 65 ғылыми жарияланымның және 6 кітаптың авторы, Кавказ минералды суларының қалаларын дамыту стратегиясы аясында қолданбалы социологиялық зерттеулердің әзірлеушісі және қатысушысы, Ресейдің іргелі зерттеулер қорының сарапшысы, РФ білім беру саласындағы құрметті қызметкері.

Басталуы: 12.00 с.

Өтетін орны: Әлеуметтік ғылымдар факультеті, №4 оқу ғимаратының 101 аудиториясы.

Ұйымдастырушылар: Әлеуметтану кафедрасы, әлеуметтік ғылымдар факультеті.