ЕҰУ Қолданбалы химия институтының қызметкерлерінің ғылыми тағылымдамаларының нәтижелері бойынша семинар өтеді

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, профессорлық оқытушылық құрамын, химия мамандығының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын Қолданбалы химия институтының жетекші ғылыми қызметкері Сисенғалиева Гүлсана Ғалымжанқызының Берн университетінде (Швейцария) өткен үш айлық ғылыми тағылымдамасы мен 3-курс PhD-докторанты Жанжаксина Альмира Шайхслямовнаның Гифу фармацевтикалық университетінде (Жапония) өткен 3-айлық ғылыми тағылымдамасының нәтижелері бойынша семинарға шақырамыз!

Сисенғалиева Г.Ғ.-ның баяндама тақырыбы: Сульфондардың және кванттық нүктелерді қоздыруға арналған бастапқы заттар синтезі.

Жанжаксина А.Ш.-ның баяндама тақырыбы: Pulicaria prostratа флаваноидтары.

Өтетін уақыты мен орны: 2019 жылдың 13 желтоқсаны, сағат 11:00 де, Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайы, 4-қабат, 431 кабинет.