Сіздерді Yessenov University Маңғыстаудың 1000 жылдығы аясында өткізілетін «Қазіргі инженерияның өзекті экологиялық мәселелері және экологиялық тепе-теңдікті сақтау» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Өткізу мерзімі: 10 желтоқсан 2019 жыл
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 24 ш.а., Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Негізгі мақсаты: ПОҚ және жас ғалымдардың ПОҚ және жас ғалымдардың зерттеулерін бөлісу, экология салалары бойныша білімдерін арттыру, тұлғаның экологиялық мәдениеті мен санасын қалыптастыру.
Міндеттер:
1. Қазіргі заманауи техногенді жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
2. Өндіріс пен экономиканы экологияландыру;
3. Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында инновациялық жетістіктерді интеграциялау арқылы экологиялық-экономикалық сананы қалыптастыру.
«Қазіргі инженерияның өзекті экологиялық мәселелері және экологиялық тепе-теңдікті сақтау» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы келесі бағыттарда жүргізілетін болады:
№ |
Секцияның атауы |
Жауапты адам |
|
Байланыс телефоны |
1 |
Қазіргі инженерияның өзекті экологиялық мәселелері |
Джумашева К.А. |
+7 778 7036509 |
|
2 |
Экологиялық сананы қалыптастыру үшін білім берудегі инновациялық технологиялар |
Сырлыбекқызы С. |
+7 701 1607775 |
|
3 |
Экологиялық мәселелерді шешудегі экономикалық механизмдердің рөлі |
Қойбақова С.Е. |
+7 776 3993485 |
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (секция бойынша) қатысуға өтініштер (қоса берілген нысанда), электронды нұсқадағы баяндама мәтіндері 2019 жылдың 8 желтоқсанға дейін (қоса есептегенде) секция атауына сәйкес электронды пошта арқылы қабылданады.
130003, ҚР Ақтау қ., 24 шағын аудан, Yessenov University №2 ғимараты, «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасы, 216 каб.
Ақпарат телефондары: +7 (7292) 41-76-81, +7 (7292) 333-010, +7 701 1607775.