Өткізу жері: Қазақстан, Алматы қ., «Тұран» университеті, 401 кабинет
Күні: 2019 жылы 20 желтоқсан.
Конференция мақсаты: жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, қазіргі проблемалар мен оларды жою жолдарын талдау. Жастар – қоғам мен мемлекет дамуының ажырамас бөлігі. Жалпы мемлекеттің дамуы жастармен жұмыс қалай құрылатынына байланысты. Жастарды өз елдерінің қоғамдық, саяси, әлеуметтік өміріне және мемлекетаралық ынтымақтастыққа тарту.
Келесі бағыттардағы мәселелерді қарастыру жоспарлануда:
– Жастарға арналған бағыттардың халықаралық жастар ұйымдарына қатысуы;
– Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы саясат және халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары;
– Әлемдік экономиканы цифрландыру контекстіндегі бизнес пен білімнің трансформациясы;
– Теория мен іс жүзіндегі құқықтану: құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері.
Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан мен ТМД елдерінің докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысады.
Конференцияның тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция қорытындысы бойынша электрондық жинақтар жарияланады. Конференция материалдары «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады.
Конференцияға қатысу түрлері: пленарлық отырыста баяндама жасау; жұмысқа баяндамасыз қатысу; конференцияға қатыспай мақала жариялау.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін u.orzhanova@turan-edu.kz, s.kalpetkhojayeva@turan-edu.kz ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына келесі материалдарды жіберу керек:
1.Талаптар бойынша жазылған мақала мәтіні;
2. Автор туралы белгіленген формадағы ақпарат (форма қоса беріледі).
Материалдар тексерілмейді және қайтарылмайды. Басылым конференция тақырыбына немесе тіркеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдарды, сондай-ақ белгіленген тәртіпті бұза отырып ұсынылған материалдарды қабылдамайды.
Телефон: +7 (727) 260-40-29 (ішкі нөмір 733), 87077703868.