Құрметтi әріптестер!
Сіздерді 2019 ж. желтоқсанның 12-де Алматы экономика және статистика академиясында өтетін Казақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы экономика және білім дамуының мәселелері және келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияға қатысуға өтінім және баяндамаларды 2019 ж. желтоқсанның 1-не дейін Word форматта тиісті секциялардың хатшыларының электрондық пошталарына жіберу қажет.
Баяндамалар конференция материалдарында ISBN берілу негізінде жарияланады, академияның сайтында http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/ орналастырылады және авторларға электрондық пошта бойынша жіберіледі.
Конференцияға қатысу үшін төлем ақы 3000 теңге. АЭСА оқытушыларына және студенттеріне, шетел авторларына қатысу тегін.
Төлем ақы академия кассасында немесе банктік аудармамен қабылданады:
ИИН 600 200 022 543; БИН 050540010995; ИИК KZ936010131000022910; АО «Народный банк Казахстана»; БИК HSBKKZKX, КБЕ 17.
Анламасова Ж.Т. жауапты хатшының байланыс ақпараты:
Адрес: Қазақстан Ресубликасы, 050035, Алматы қ., Жандосов к., 59., 215 кеңсе.
Телефон: +7 727 309 58 15, ішкі 107, email: anlamasova_jazira@mail.ru.