«Телжан Шонанұлы – әмбебап ғалым, һәм ағартушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ақтөбе облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қолауымен 2019 жылдың 29 қараша күндері әмбебап ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, түркітанушы, педагог, аудармашы Телжан Шонанұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Телжан Шонанұлы – әмбебап ғалым, һәм ағартушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

–             Т.Шонанұлы мұрасы және рухани жаңғыру

–             Т.Шонанұлы мұрасы жалпытүркілік және ұлттық парадигмада

–             Т.Шонанұлы еңбектерінің жинақталуы, зерттелуі

–             Т.Шонанұлы еңбектері және қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар

–             Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-7 бет, редакторы- WORD, 14 шрифт.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Байланыс телефондары: +7 775 8806065, +7 777 1590997 – Мырзабай Бекарыстан Боранқұлұлы. Электронды пошта: myrza-bek19@mail.ru.

Конференция өтетін мекен-жай: Ақтөбе қаласы, 11 шағын ауданы құрылыс 112 «Е».

Ақпараттық хат