2019 жылы 3 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде эксперименталды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2019-2020 оқу жылына жұмыс тобының екінші отырысының өтетіндігі жөнінде хабарлайды.
Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимараты, 302 аудитория
Басталу уақыты: 16.00
Күн тәртібі:
1. Бірінші жарты жылдықта оқытылатын пәндердің бекітілген оқу жұмыс (модульдік) бағдарламаларының (Syllabus) және оқу-әдістемелік кешендерінің сапасы туралы.
2. Жаңадан енгізілген пәндерді оқыту сапасы туралы.
3. ЭБББ – ның негізгі және кәсіби пәндерінің мемлекеттік тілдегі оқу және ғылыми әдебиеттерімен қамтылуы.
4. ЭБББ – ны университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу, оқу – әдістемелік және ғылыми еңбектерімен қамтамасыз ету (ағымдағы оқу жылында және 2020-2021 оқу жылына жоспарланған).
5. ЭБББ білім алушыларының тәжірибелерден өтулері бойынша есеп және сауалнама нәтижелері (бакалавриат).
Байланыс үшін: ЭБББжЛ бөлімінің бас маманы ғылыми Жаңабергенова Назерке Салменқызы, 8 (717-2) 709500 (ішкі 31-329).