«Кәсіби тұрақтылықты қалыптастыру – кәсіби құзыреттіліктің басты шарты» тақырыбында семинар өтеді

22 қараша 2019 ж., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика және механика-математика факультеттерінің Кәсіби шеберлік мектептері профессор-оқытушылар құрамы үшін «Кәсіби тұрақтылықты қалыптастыру – кәсіби құзыреттіліктің басты шарты» тақырыбында семинар ұйымдастырады.

Жас оқытушыларға ғана емес, сонымен бірге университеттің барлық профессорлық-оқытушылар құрамына арналған семинарда Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушылардың, қызметкерлердің, білім алушылардың, академиялық адалдық саясаты туралы; өзіндік жұмысты ұйымдастыру әдістері мен формалары; білім алушының өзіндік жұмысындағы шығармашылық құраушылар; педагогтың дәріс берудегі тьюторлық ролі; БӨЖ орындаудағы ерекшелігі және ЖАОК жазудағы дидактикалык материалдарды құрастыру және ұйымдастыру туралы ақпарат ала аласыз.

Сонымен қатар барлық қатысушылар бiлiм саласындағы жаңа трендтер: білім беру тәжірибесіндегі интерактивті дағдылар «4К» моделі (коммуникациялық, креативті, критикалық (сыни), ойлау, командалық жұмыс; интерактивті оқыту картасын қолдану мен білім алушының өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру қуралы ретінде білім беруде жобалық технологиясымен таныса алады.

Баяндамашылар:

Кусаинова Тұрсынхан Сердалықызы – Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Стратегиялық жоспарлау Департаменті директорының орынбасары,

Абдыхалыкова Жазира Есенгельдиевна – Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының доцент м.а., PhD доктор

Бекманова Гүлмира Тылеубердіқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дистанциялық технологиялар орталығының жетекшісі

– Мусина Камшат Пазилбекқызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Туризм» кафедрасының доценті, э.ғ.к.,

– Исин Мейрам Естайұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті механика-математика факультетінің «Жоғары математика» кафедрасының профессоры, п.ғ.д.

Семинарға қатысамын деушілерді және қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз. Қатысушылардың тізімін алдын-ала 2019 жылдың 20 қараша күні, сағ. 1600ге дейін Экономика факультеті «Қаржы» кафедрасына (ОЗҒ, 5 қабат, 514 каб.) және gulim.zagypar@mail.ru электронды поштасына өткізулеріңізді сұраймыз.

 

Өткізілетін орны: ОЗҒ, 8-қабат, 821 ауд.

Өткізілу уақыты: 22 қараша 2019 ж., сағ. 0900 – 1300

Тіркелу: 845 – 0900

 

Анықтама бойынша байланыс құралдары:

Муталиева Ляйля Маратовна +7 7017236972

Зағыпар Гүлім Амандыққызы +7 775 5250492