6D020700 – «Аударма ісі» мамандығының PhD ізденушісі Алшинбаева Жұлдыз Қуанышқызының докторлық диссертациясын қорғауға арналған ғылыми семинар өтеді

2019 жылдың 16-ші қарашасында сағат 11.30-де 324 кабинетте 6D020700 – «Аударма ісі» мамандығының PhD ғылыми дәрежесін ізденушісі Алшинбаева Жұлдыз Қуанышқызының  «Көркем мәтіндегі фразеологизмдердің этномәдени семантикасы және оның тіларалық берілуі (қазақ және ағылшын тілдері материалы негізінде)» тақырыбында докторлық диссертацияны қорғауға арналған ғылыми семинар өтеді.

Ғылыми жетекші: Сәтенова С.К.. – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры; ғылыми кеңесші: Хухуни Г.Т., филология ғылымдарының докторы, ММОУ профессоры (Ресей Федерациясы).