«Wiley Online Library платформасы: мақалаларды жариялау үшін ғылыми ақпараттар мен журналдарды іздеу» тақырыбында семинар өтеді

Құрметті оқырман!

2019 жылғы 12 қарашада сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Ғылыми кітапханасында «Wiley Online Library платформасы: мақалаларды жариялау үшін ғылыми ақпараттар мен журналдарды іздеу» тақырыбында семинар өткізіледі.

Семинарда ғылыми мақалаларды жазу және Wiley журналдары мысалында ғылыми журналдардың редакцияларымен өзара байланыс аспектілерін қоса отырып, ғылыми коммуникацияның негізгі мәселелері қарастырылады,

Өтетін орны: Пушкин к., 11, 307 каб. Семинарды Ресей мен ТМД-дағы Wiley өкілі х. ғ. к., Сергей Парамонов өткізеді.

Қатысушы сертификатын алу үшін іс-шараға келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өтуіңізді өтінеміз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeaDBicKvwGeBYJ7aIXopoBWn350_ydv5Vi-cQhf6Oc5dsDcQ/viewform.