«Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 22 қарашасында әйгілі ақын, драматург, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына арналған «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады. Конференция барысында секциялық отырыстар өткізіледі, қорытындысы бойынша конференцияның қатысушыларына сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етіледі. Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі салаларындағы өзекті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:

1. Ілияс Жансүгіровтың ағартушылық көзқарастары және инновациялық білім беру үрдісі.

2. Ілияс Жансүгіров мұрасы және қазақ филологиясының мәселелері.

3. Ілияс Жансүгіровтің журналистіктәржімалық тағылымы және бүгінгі медиа ақпараттық қоғам.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс және т.б.

Материалдарды жауапты хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Тапсыру мерзімі 2019 жылдың 10 қарашасына (қоса алғанда) дейін. Мақаланың көлемі А4 форматта 3-5 бетке дейін болуы тиіс.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Мақала саны шектелмеген. Тіркеу парағы келесі сілтеме бойынша толтырылады: https://drive.google.com/open?id=1YV0veSyXzfA03futoxr1BlNs2NU_bJQ6uoQ8Xn70yig.

Оқытушыларға, мектеп мұғалімдеріне, докторанттар мен магистранттарға жинақтың бағасы – 3000 теңге, студенттерге – 2500 теңге. ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге (530 руб., 10$).

Ақпараттық хабарлама