«Еуразия тарихының мұрасы: көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты бірлесіп 2019 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыруға арналған «Еуразия тарихының мұрасы: көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары: «Архив – 2025» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларында, сөйлеген сөздерінде көрсетілген отандық тарихтың негізгі оқиғаларын зерделеуді жандандыру, отандық тарихи мұра әлеуетін халықаралық деңгейге шығару.

Пікірталасқа арналған негізгі тақырыптар:

· Архив – 2025, ізденіс–зерттеу жұмыстарының перспективалық бағыттары мен қазіргі заманғы міндеттері.

· Ұлы Даланың Ұлы есімдері – өмірбаяндық энциклопедияны жарыққа шығару.

· Түркі және славян әлемдерінің өзара байланысы – қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихы (Қазақ хандығы мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынасы орнауының 500 жылдығына).

Конференция жұмысының өткізілуі: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығатын болады.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамайды.

Конференцияға қатысуға ниет білдірген ғалымдар қатысуға өтінім мен мақаланы 2019 жылдың 20 қарашасына дейін е-mail: maxmudkizi@mail.ru / Kaliev_zhabai@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу керек.

Конференция үйлестірушілері: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 11-қабат, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты.

Жұмыс тел.: + 7 (7172) 74-01-68, 74-12-85, 74-12-52.

Е-mail: maxmudkizi@mail.ru / 8-775-252-85-27.

Е-mail: Kaliev_zhabai@mail.ru / 8-702-166-10-90.

 

Ақпараттық хат