Постдокторантура бағдарламасына конкурсты ұзарту туралы

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылым департаменті постдокторлық бағдарламаға конкурстың 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылатынын хабарлайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті келесі бағыттар бойынша постдокторлық бағдарламаға конкурс жариялайды:

1. Материалтану (нанотехнологиялар және наноматериалдар) – 1 орын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар (мамандық, құзыреттілік, жұмыс тәжірибесі, ғылыми наукометриялық көрсеткіштер және т.б.):

· негізгі білімі «Химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Материалтану»;

· Scopus немесе Web of Science мәліметтер базасына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар жарияланымдар саны – соңғы 3 жылда кемінде 3;

· спектроскопия мәліметтерін дешифровка және өңдеу негіздерін білу;

· мәліметтерді өңдеу бағдарламаларымен жұмыс істеуді білу керек (Origin, ChemOffice және т.б.);

· ағылшын тілін (ҚР азаматтары үшін IELTS сертификаты 6.0 төмен емес болу керек);

· командада жұмыс істеуге қабілеттілік пен өзін-өзі дамытуға, білім алуға және өзін-өзі сынап көруге ұмтылу; белсенді және позитивті өмірлік көзқарас.

 

2. Құрылыс (геотехника) – 1 орын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар (мамандық, құзыреттілік, жұмыс тәжірибесі, ғылыми наукометриялық көрсеткіштер және т.б.):

· үміткердің азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы, атап айтқанда топырақты қатыру саласындағы тәжірибесі болу керек;

· топыраққа геотехникалық зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыға ие болу, СНиП, СН РК, EuroCode, ASTM және BS талаптары және әдістерімен таныс болу;

· мұздатылған топырақтар геотехникасының негіздерін, атап айтқанда топырақтағы ылғалдылық пен масса алмасуды есептеудің негізгі заңдылықтары мен параметрлерін білу;

· ағылшын тілін (IELTS сертификаты немесе шетел университетін бітіргені туралы диплом), қазақ (орыс) тілдерінде еркін сөйлеу;

· халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланымдардың және халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесінің болуы;

· алға қойылған ғылыми мақсаттарды жүзеге асыруда инженерлік міндеттерді өз бетінше шешу мүмкіндігі.

 

Конкурстық құжаттамамен «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де постдокторантура бағдарламасы туралы ережесімен» (бұдан әрі – Ереже) университеттің веб-сайтында (www.enu.kz) «Ғылым» бөлімінде, оның ішінде «Диссертациялық кеңестер» парақшасында танысуға немесе келесі сілтемеде көруге болады: http://www.enu.kz/downloads/iyun/polozhenie%20o%20programme%20postdoktorantury%20v%20evraziiskom%20natsionalnom%20universitete%20im.%20l.n.%20gumilyova.pdf.

Стипендия 500 000 теңге мөлшерінде тағайындалады.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

– белгіленген нұсқа бойынша өтініш (Ереженің 2 қосымшасы);

– нақты ғылыми бағытты көрсете отырып постдокторантураға қабылдау туралы өтініш;

 – кеңейтілген кәсіби түйіндеме – ғылыми төлқұжат (Ереженің 3 қосымшасы);

– жобаға қатысу үшін қажетті дағдыларды, жұмыс тәжірибесін көрсететін уәжделген хат (1000 таңбадан аспау керек);

– үш жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жарияланымдардың күнтізбе жоспары (Ереженің 4 қосымшасы);

 – Web of Science, Scopus индекстелген журналдардағы маңызды және негізгі жарияланымдардың көшірмелері;

 – ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы, бейіні бойынша доктор дәрежесі туралы дипломның көшірмесі. Ағылшын тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге болуы керек;

– IELTS сертификаты;

– өз салаларындағы зерттеуші-ғалымдардың қолдары мөрмен куәландырылған екі ұсыныс (мүмкін болса).

 

Үміткерлерден барлық құжаттар сканерленген түрде 2019 жылғы 15 желтоқсанына дейін келесі электронды пошта арқылы қабылданады: postdoc@enu.kz.

Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау және постдокторантура бөліміне хабарласуға болады: 8/7172/ 709-500 (ішкі 31-436) немесе +7-701-774-7757 (ұялы телефон).