Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдер кафедрасы Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен студенттерге арналған итальян тілін үйрену тобын ашқандығын жариялайды

Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдер кафедрасы студенттерге арналған итальян тілін үйрену тобын ашқандығын жариялайды (бастауыш деңгей – A1). Курс тьюторы: Джулио Щерба (Италия). Өтетін орны: бекітілген кестеге сәйкес шет тілдер кафедрасы жанындағы Итальян тілі мен мәдениеті орталығы. Курсқа тіркеу бас ғимараттың 403 аудиториясында 08.11.2019 жылға дейін жүргізіледі. Орындар саны шектеулі.

Қосымша ақпарат алу үшін 709-500, ішкі 31-430 телефоны арқылы хабарласуға болады, Сәтбаев көшесі 2, 403 аудитория, шет тілдері кафедрасы ХҚФ